2015 жылдың 6 желтоқсанында Алматы метрополитендері "Оңай" электронды карта терминдалдарымен толық қамтылды. Енді аталған жеңілдік картасын метро бекеттерінде де қолдануға болады. Бұл туралы "Алматы көлік холдингі" хабарлады.
2015 жылдың 1 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында Алматы метрополитендерінде "Оңай" көлік картасы арқылы 100 960 теңге көлемінде төлем жасалған.
Бұдан бұрын көлік картасымен тек 3 бекетте төлем жасалса, енді барлық бекеттерде электронды картамен жолақысын төлеуге болады.
Еске салайық, 2015 жылдың 1 қазанынан бастап Алматыда қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесі енгізілді. Арнайы терминалдармен барлық қоғамдық көліктер қамтылды. Әзірге аталған картамен төлеу жүйесі тек тест түрінде жүзеге асырылып жатыр. Ал "Оңай" картасымен жолақысын төлеу жүйесіне қала тұрғындары 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап толық өтеді.
Фото: informburo.kz