Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қоғамдық іс-шаралардағы орынсыз қылықтар үшін ҚР азаматтарына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Қоғамдық іс-шаралардағы орынсыз қылықтар үшін ҚР азаматтарына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Бейсенбі күні ҚР Парламент сенатының жалпы отырысында "Спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірнеше заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды. Аталған заңға сәйкес іс-шара кезіндегі азаматтардың орынсыз қылықтары үшін жауапкершілік қатаңдатылды.

«Жергілікті атқарушы органдардың іс-шараларды ұйымдастыруы кезінде жауапкершілік жүктелетін арнайы комиттетер құрылады. Мерекені  ұйымдастырушыларға азаматтардың қауіпсіздігі, ішкі істер органдарының әрекеттері, қоғамдық тәртіпті реттеу және іс-шара кезінде бүлінген аймақтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктеледі", - деді заң мазмұнын таныстыру барсыныда сенатор Дулат Қосдәулетов. Сондай-ақ, ол өткізілетін іс шараларда жеке тұлғалардың алькоголь өнімдерін алып келуіне, адам денсаулығына қауіп  төндіретін металл және әйнек заттарды қолдануына тыйым салынғанын атап өтті. Ұлтаралық қақтығыс туғызатын жазуы бар плакаттар мен транспаранттар қолдануға тыйым салынды. «Егер тыйым салынған әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда жеке тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік есебінде  20 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады" - деп мәлімделді сенат отырысында. Фото: forbes.kz

Похожие материалы