Экономика
Үкімет Air Astana-ны сату туралы ақпаратты жоққа шығарды
Air Astana әуекомпаниясы жекешелендіруге ұсынылған объектілердің қатарына енгізілген жоқ. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Үшінші жақтағы тұлғалармен, «QatarAirways» немесе басқа да ұйымдармен әуекомпанияны сату жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ",- делінген ведомствада.
Осылайша, Министрлік соңғы күндері Air Astana сатылады деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Егер қазақстандық әуе тасымалдаушының меншігіне берілген бақылау Қазақстан Республикасына және оның азаматтарына тиесілі емес болса, бұндай жағдайда үкіметаралық келісімдерге сәйкес шет елдерге халықаралық ұшуды орындау құқығы шектелетін болады",- деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомствада, Air Astana әуекомпаниясы Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз әуекомпания екені әрі ірі табысты компанияның бірі болып табылатынын және мемлекет тарапынан қаржылық қолдау қажет етпейтінін атап өтті.
Фото: vlast.kz