Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық одақтың валютасы евраз деп аталуы мүмкін - Госдума депутаты

Еуразиялық одақтың валютасы евраз деп аталуы мүмкін - Госдума депутаты

Еуразиялық экономикалық одақтың валютасы евраз деп аталуы мүмкін. Бұл болжамды  Ресей Думасының ТМД істері, еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Оның сөзінше, қазір валютаны жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Көп ұзамай бізде ортақ төлем бірлігі болады. Қазіргі сәтте орталық банктер жұмыстарын жалғастыруда, алайда бұл 2011 жылы ойлағаннан да қиын болып жатыр. Иә, дағдарыстың да салдары бар. Бірақ қажетті жұмыс істеліп жатыр. Сондықтан ерте ме , кеш пе валюта пайда болады. Барлығын дайындап, оны енгізу оңайға соқпайтыны сөзсіз",- деді Л. Слуцкий Бірінші арнаның "Познер" бағдарламасында. Ол болашақтағы валютаның евраз деп аталуы мүмкін екені, бірақ бұл соңғы нұсқасы емес екенін айтты. Бұған дейін Евразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Виктор Христенко 2025 жылға дейін талқыланбауы мүмкін деген еді. Қараша айының басында өткен ЕурАзЭҚ елдерінің Орталық банк төрағаларының кездесуінде  Арменияның Орталық банкінің төрағасы Артур Джавадян ресейлік және қазақстандық тараптың 2025 жылға дейін бұл сұрақпен айналыспаймыз деп айтқанын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, бұл процесс 30-40 жылды талап етеді. Қазақстан билігіндегі лауазымды тұлғалар да бірнеше рет ортақ валюта туралы мәселенің қазіргі кезде күн тәртібінде жоқтығын айтқан еді. Бұл мәселеге қоғамның да қарсылығын байқауға болады. Әлеуметтік желілерде жиі талқыланған бұл тақырып, билік өкілдерінің пікірінен кейін сәл саябырсыған еді. Ал, Ресей тарапы бұл мәселені жиі көтеріп жүр. Фото:news.caravan.kz

Похожие материалы