Экономика
Билікте бірқатар кадрлық өзгеріс болды
Бүгін жоғарғы билікте бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Елбасы Жарлығымен Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Анатолий Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Барлығы бұған дейін атқарған қызметтерінен босатылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі негізінде құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігін Т.Донақов басқаратын болды. Ал, Қ.Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын басқарады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.