"ҚазТрансГаз" (ҚТГ) компаниясында кадрлық өзгерістер орын алды. Жаңа басқарма төрағасы ретінде Рустам Сүлейманов тағайындалды деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Таратылған ақпарат бойынша, 11 желтоқсанда компанияның бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаев ҚТГ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал компанияның жаңа басқарма басшысы Рустам Сүлейманов осыған дейін ҚТГ-ның маркетинг және коммерция бойынша бас директорының орынбасары лауазымында болған еді. Рустам Сүлейманов 1937 жылы 4 наурызда туылған. Алматы ауыл шаруашылық институтын "Экономикалық кибернетика" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1997 жылдан бері газ саласында қызмет істейді. 1997-2000 жылдары "Алаутрансгаздың" экономикалық бөлімінде, қаржылай бақылау бөлімінде түрлі қызмет атқарды.2000-2002 жылдары "KTG Distribution" аймақтық менеджері, газбен қамтамасыз ету жобасының жұмыс тобының менеджері болды.
2002-2013 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының маркетинг және келісім-шарт департаментінің директоры болды.
2013-2014 жылдары "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының атқарушы директоры болды.
2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың ақпаны аралығында ҚТГ-ны дамыту бойынша бас директоры қызметін атқарды.
2015 жылдың ақпанынан бері ҚТГ-ның коммерция және маркетинг бойынша бас директордың орынбасары.