Алматы қаласының ІІД-ның баспасөз қызметі танымал заңгер Михаил Кленчиннің мәйітінің табылуына байланысты тексеріс жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Оперативті тергеу тобы оқиға орнынан М.Кленчиннің атына тіркелген "Сайға" қаруын тапқан. "Тергеу болған жағдайды қазіргі кезде өз-өзін өлтіру деп бағалап отыр",-делінген хабарламада. Еске салайық, Михаил Кленчин 11 желтоқсанда Алматыда өз үйінде өлі күйінде табылды.
Михаил Кленчин заңгер, қоғам белсендісі ретінде танымал. Ұжымдық заңгер ретінде қызмет атқарып, 2007 жылдан бастап жеке тәжірибемен айналысты. "Бірінші антикоррупциялық медиаорталық" қоғамдық кеңесінің және Қаржылай қызметті дамыту ұлттық қорының төрағасы, Қазақстанның салық консультанттары Палатасының, "Нұр Отан" партиясының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоғамдық кеңестің, "Атамекен" ҰКП мүшесі.
Әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдаланды, оның заңгерлік кеңестері жазылушылар арасында танымалдылыққа ие.
Артында бір баласы қалды.
Фото:kapital.kz