Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркия билігі Twitter-ге айыппұл салды

Түркия билігі Twitter-ге айыппұл салды

Түркия билігі Twitter әлеуметтік желісіне 51 мың доллар көлемінде айыппұл салды. Бұған сервистің Анкараның терроризмді насихаттайтын жазбаларды өшіру туралы өтінішін кері шегеруі себеп болған. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, Түркия Twitter-ге бірінші рет айыппұл салып отыр. Осыған дейін нақты бір контентті өшіру туралы шешімін орындамағаннан кейін республика үкіметі әлеуметтік желіні бірнеше рет бұғаттаған еді. Жекелей алғанда тыйым салынған контент ДАИШ, Күрдістан Жұмысшы партиясы мен "Халықты революциялық босату фронты" партиясының терроризм әрекетінің насихатына байланысты. Бұл ұйымдардың барлығы республика аумағында теракт жасаған, ал соңғы күндері билік билік жаппай рейд кезінде аталған ұйымдардың мыңға жуық мүшелерін тұтқынға алды.

Похожие материалы