Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге тағы құлдырады: доллар бағамы - 323 теңгеге жуықтады

Теңге тағы құлдырады: доллар бағамы - 323 теңгеге жуықтады

Дүйсенбі күнгі KASE таңғы саудасы кезінде доллардың орташа курсы 322,47 теңгені құрады. Ұлттық валюта жұмадағы саудамен салыстырғанда 10,55 теңгеге құлдырады.

Бұл қараша айы басталғалы бері теңгенің ең қатты төмендегені. Қазақстан валютасы бір аптаның ішінде құнының 10 пайызға жуығын жоғалтты. Теңге курсының төмендеуіне мұнай бағасының әлі де арзандап жатқаны мен ресей рублінің құлдырауы әсер етіп отыр. Айырбастау бөлімшелерінде доллар 330 теңгеден сатылуда.

Похожие материалы