Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы қазақстандықтар Google-ден доллар бағамын көп іздеген

2015 жылы қазақстандықтар Google-ден доллар бағамын  көп іздеген

Google компаниясы Қазақстанда ең көп ізделетін кілт сөздерді тұңғыш рет жария етті. 2015 жылы қазақстандықтар "доллардың теңгеге қатысты бағамы", "сұрдың 50 реңі" туралы ақпаратты көп іздеген екен.

Компанияның айтуынша, Google-де көп ізделген "жыл адамы" - марқұм Батырхан Шүкенов. Алғашқы ондықтың ішінде Геннадий Головкин, Рахат Алиев, Тимати және "Әліби ісіне" қатысты адамдар да енген. "Жыл фильмі" деп қазақстандықтар "сұрдың 50 реңін" таңдағанға ұқсайды. Сондай-ақ, "Рэкетирдің" жалғасы, "Сәбина келін" де көп ізделгендердің қатарында. Сериалдардан болса, "Тақтар ойыны", "Кухня", "Реальные пацаны" сұранысқа ие болған. Ағымдағы жылы отандастар автокөлік, әуе және темір жол билеттерін, питбуль тұқымды иттерді, Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер бағасын да көп іздеген екен.

Похожие материалы