Шығыс Қазақстан облысында автокөлік зауытының құрылысына 6 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде аймақ әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
«2018 жылға қарай қуаты жылына 180 мың автомобильді құрайтын кәсіпорын пайдалануға енгізіледі. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды құруға 6 млрд бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды және кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, ол бүкіл өңірдің дамуы үшін зауыттың маңыздылығын атап өтті. Мәселен, бизнестің барлық салалары, соның ішінде машина жасау саласы қазақстанда автокөлік шығару жұмысына тартылатын болады.
Фото: www.usbis.ru