Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bank of America: Долларға қатысты рубль бағамы 168-ге дейін құлдырауы мүмкін

Bank of America: Долларға қатысты рубль бағамы 168-ге дейін құлдырауы мүмкін
АҚШ-тың Merrill Lynch (BofA) инвестициялық банкінің сарапшылары бір доллар 168 рублді құрайды деп есептейді. Бұл туралы РБК хабарлайды. Мамандар ресейлік биліктің бюджет тапшылығы қаупін болдырмау үшін ұлттық валютаны құлдырату керек дейді. Ресей банкінің болжамынша, әлемдік мұнай бағасы 35 долларға дейін төмендесе, бюджетті ЖІӨ-дегі жоспарланған 3% дефицитпен орындау үшін доллар бағамы 94 рубль болуы қажет. Ал BofA-ның болжауынша, егер әлемдік мұнай бағамы барреліне 30 долларға төмендейтін болса, тапшылықсыз бюджет деңгейінен шығу үшін доллар 168 рублді құрауы керек. Ал ЖІӨ-нің тапшылығы 3% деген деңгей үшін доллар 105-120 рубль болуы тиіс. Дегенмен BofA-ның Ресей және ТМД елдері үшін бас экономисті Владимир Осаков  мұнай бағасының барреліне 50 доллар болса, доллардың орташа бағамы 65 рубль құрайды деп есептейді. Осы жағдайда ғана билік бюджетті ЖІӨ-дегі жоспарланған 3% тапшылықпен орындай алады. Фото: ria.ru 

Похожие материалы