17 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әнші Қайрат Нұртастың ән кеші өтеді. Өнер иесінің сахнадағы 10 жылдығына арналған шығармашылық кешіне Тимати, Сергей Лазарев және "Рефлекс" тобы қатысады. 7kun.kz Қайрат Нұртастың бір күндік концертінен түсетін табысын есептеп көрген еді.
Қайрат Нұртас осыған дейін 12 желтоқсанда Астанадағы "Астана-Арена" стадионында интерактивті шоу ұйымдастырды. Концертке ресейлік жұлдыздар Тимати мен Нюша қатысып, 30 мыңға жуық адам келді. Ал Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт сарайындағы концерт екі күн өтеді. Сарайдың сыйымдылығы - 3725 орын. Әншінің билеттерін сатып алуға болатын zakazbiletov.kz сайтының мәліметі бойынша, 1247 билет сатылымға шығарылған. Билет бағасы 3000-8000 теңге аралығында. Ең қымбаты - 25 000 мың теңге. Ашық дереккөздегі мәліметтерді есептей отырып, бір күндік концерттен Қайрат Нұртас 10 066 000 теңге табыс табады деп анықтадық. Әрине бұл жерде шетелдік әншілердің гонорары мен жарнама, ұйымдастырушы топтың табысы сияқты шығындар есептелген жоқ.