Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz - Сберге тиеселі 2GIS қосымшасы App Store қосымшалар дүкенінен өшірілді.
Apple мұны санкциямен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, екі жыл бұрын Сбер 2GIS компаниясының 72% сатып алып, сервистің негізгі иесі болған еді.
"2GIS AppStore дүкенінен өшірілді, бірақ телефондарыңызға жүктелген қосымша жұмыс істей береді. Деректер бұрынғыдай күн сайын жаңартылып отырады. Барлық қалалардың деректер базалары қолжетімді және жаңартылған. Біз 2GIS-ті AppStore-ға қайтару бойынша жол іздеп жатырмыз және оны тапқан бойда біз сізге дереу хабарлаймыз. Егер сізде
iPhone болса 2GIS қолданбасын өшірмеуге кеңес береміз. Егер өшіріп қойған болсаңыз немесе сізде жаңа iPhone болса, 2gis.ru сайтындағы веб-нұсқасын пайдаланыңыз.Бұл ыңғайлырақ болады», - деп хабарлады 2GIS компаниясы.