Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«3.2.1.Старт!» жобасы жаңа маусымды бастайды

«3.2.1.Старт!» жобасы жаңа маусымды бастайды

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz –  «3.2.1.Старт!» жобасы жаңа маусымының тұсаукесеріне шақырады. Жобаға қатысушылар қоршаған ортаның ластануы мәселесінің шешімін іздестіру қажет. Сондай-ақ, жоба жеңімпаздары грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

«3.2.1.Старт!» жобасы республиканың түрлі өңірлеріндегі әлеуметтік және экологиялық мәселелердің шешімін іздестіретін жастардың бастамаларын анықтау және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

«3.2.1. Старт!» жобасы 18-29 жас аралығындағы жастарға, яғни колледж және университет студенттеріне, жас мамандарға арналған. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік шеберлігінің негіздерін меңгеру арқылы, қоршаған ортаны жақсартуға, түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларының дамыту жолдарын үйренетін болады. Ал, жартылай финалға шыққан топтар осы саланың білікті мамандарынан құралған тәлімгерлермен жұмыс істеп, жеделдетілген арнайы оқу бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алады. Ақтық іріктеуден өткен топтарға өз бастамаларын жүзеге асыру үшін арнайы гранттар беріледі. Грант сомасы 1 000 000 тг - 3 000 000 тг көлемінде болады.

Өз аймағының әлеуметтік немесе экологиялық мәселелерін шешуге талпынысы бар, белсенді азаматтар жобаға қатысуға ниеттерін білдіріп, өтініштерін жібере алады.

Өтініш беру мерзімі 2018 жылдың 1 ақпанынан 5 наурызына дейін өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы