Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3 қаңтарда «Алматы-Түркістан» пойызы жүре бастайды

3 қаңтарда «Алматы-Түркістан» пойызы жүре бастайды

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ («Қазақстан Темір Жолы» АҚ еншілес кәсіпорны, ҚТЖ) 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Алматы – Түркістан» бағытындағы пойызын іске қосады, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін дамыту және Қазақстанның ең танымал туристік орындарының біріне жолаушылар тасымалдау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 3 қаңтардан бастап оңтүстік астананы облыстың әкімшілік орталығы – Түркістан қаласына тікелей қатынаумен қосу үшін жаңа маршрутты іске қосады», - делінген хабарламада.

«Алматы-2–Түркістан» 71/72 нөмірлі пойыз құрамы 23 вагоннан тұрады, оның 19-ы «Турист» класы, 1 бар вагоны, 1 мейрамхана вагоны және 2 техникалық вагон.

Алматы-Түркістан бағытындағы сапардың ұзақтығы 13 сағат 23 минутты құрайды, кері қарай 13 сағат 06 минут болады. Жол жүру бағытында Шу, Тараз, Шымкент және Арыс-2 станцияларында тұрақтар қарастырылған.

Похожие материалы