Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3 желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдары

3 желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдары

Алматы. 03 желтоқсан. 7kun.kz - Үшінші желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: шикізат бағасы ОПЕК+ елдері осы аптада өтетін отырыста өндіруді қосымша қысқартуды келісуі мүмкін деген болжамдарға байланысты көтерілді. Ирактың мұнай министрі Тамир Габдан мұнай өндіретін елдер тәулігіне қосымша 400 мың баррельге мұнай өндіруді азайту мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді, деп жазды investing.com. 21:31-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының ақпан фьючерстерінің құны 1,41%-ға, барреліне 61,33 долларға дейін өсті. WTI фьючерстерінің бағасы 1,74%-ға, барреліне 56,14 долларға дейін көтерілді.

Металдар: қымбат металдар құны АҚШ-та өнеркәсіптің іскерлік белсенділік индексі жарияланғаннан кейін төмендеу қарқынын баяулатты. Қарашада индикатор қазан айындағы 48,3%-дан 48,1%-ға дейін төмендеді. Сарапшылар көрсеткіштің 49,2%-ға дейін өсуін күтті. Мұндай статистика алтын сияқты сенімді активтерге сұраныстың өсуіне ықпал етеді, деп жазды 1prime.ru. 21:27-де ақпандағы алтын фьючерстерінің бағасы бір троялық унциясы үшін 4,55 долларға немесе 031%-ға төмендеп, 1 468,65 долларды құрады. Күміс наурыздағы фьючерстің құны 0,52%-ға, бір унциясы үшін 17 долларға дейін төмендеді.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 21:22-де bitcoin 7 292,38 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 1,34%-ға арзандады, ал оның капитализациясы 131,8 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 0,45%-ға арзандап, 148,29 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 16,1 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 198,3 млрд доллар.

Похожие материалы