Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

30 миллионнан астам ақшасы бар мемлекеттік қызметкер ақшасын банк шотына салуы тиіс

30 миллионнан астам ақшасы бар мемлекеттік қызметкер ақшасын банк шотына салуы тиіс

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Жалпыға бірдей декларация аясында 10 мың АЕК (30,6 млн теңгеден астам)  мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша банк шоттарына салынуға тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарланды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі басталады. Алматы қаласының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік секторының 100 мыңнан астам қызметкері және олардың жұбайлары 250.00 нысаны бойынша активтері мен міндеттемелері туралы алғашқы декларацияны алғаш рет тапсырады.

«Алғашқы декларацияда Қазақстаннан тысқары жерлердегі мүлік пен мүліктен басқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т.б. 10 мың АЕК мөлшеріндегі шектен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Бүгінде бұл 30 миллион 630 мың теңге. Ал артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс», – деді ведомствода.

Декларацияны eSalyq Azamat мобильді қосымшасы, электронды үкімет порталы (eGov.kz), салық төлеушінің кеңсесі (cabinet.salyk.kz) арқылы тапсыруға болады. Активтерді декларациялауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Похожие материалы