Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер аттестациядан босатылады – министр

30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер аттестациядан босатылады – министр

Нұр-Сұлтан. 31 тамыз. 7kun.kz – ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуінен босатылатынын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, жыл басында мұғалімдердің, ауыл директорлары мен директор орынбасарларының, қала мектептерінің, білім бөлімдері мен білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен педагогтердің аттестациядан өту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылған.

«Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады», – деді министр.

Ал педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады.

Министрдің айтуынша, зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады. Ал егер мұғаләімдер қолданыстағы біліктілік санатын және алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

Похожие материалы