Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдерінде бірыңғай кедендік реестр болуы мүмкін

ЕАЭО елдерінде бірыңғай кедендік реестр болуы мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақта  интеллектуалды жекеменшік нысандар үшін бірыңғай кедендік реестр құрылуы мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржы саясаты және экономика жөніндегі  ұжым мүшесі (министрі) Тимур Сулейменов журналистермен өткен конференция кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай реестр арқылы ЕАЭО елдерінде интеллектуалды өнім таратушы арам ниетті импортерлермен күрес нығая түседі. «Біздің әр мемлекетке қоятын талабымыз жоқ. Бірақ бәрімізге ортақ талап - интеллектуалды жекеменшік нысандарды қорғау механизмі. Осы себепті ортақ кедендік реестр құруымыз керек. Бұл құжатта барлық брендтер тіркеледі", - деді Тимур Сүлейменов. Фото: kapital.kz  

Похожие материалы