Бүгін Алматыдағы Mega Park ойын-сауық орталығында еліміздегі ең алғашқы Starbucks кофеханасы ашылды.
Танымал брендті қазақстандық Alshaya Kazakhstan LLP компаниясы 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Starbucks Coffee Internationa-мен бірлесіп ұсынып отыр.
Кофехананың ашылуына алматылықтар кезекте таңғы 7:00-ден бастап тұрды. Жиналған адамдардың саны шамамен 150-200 адамды құрады.
Алматылық Starbucks кофеханасының мәзіріндегі ең арзан сусын 354 мл-лік қарапайым қайнатылған кофе мен кофеинсіз эспрессо. Бағалары - 575 тг. Осы сомаға жаңа қайнатылған шәй немесе салқындатылған көк шәй алуға болады.
Ең қымбат сусындар фирмалық «фраппучино» негізінде жасалған Ява шоколады және Маккиато карамеліне негізделген эспрессо (1065 теңгеден бастап).
Фото:kursiv.kz