Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар жетіспейді

Еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар жетіспейді

Қазақстандықтар үшін демалыс күндері ақша айырбастау бөлімшелерінен долларды сатып алу мүмкін болмады. Пунктер АҚШ валютасын тек клиенттерден сатып алу қызметін ұсынуда. Доллардың жетіспеушілігінен ұзын-сонар кезек туындады, деп жазады krisha.kz.

Айырбастау пунктеріне келген клиенттердің көпшілігі 2000 доллардан артық ақша сатып ала алмаған. Мұндай жағдай Алматы, Астана қалаларында жиі кездесуде. Ал басқа аймақтағы айырбастау бөлімшелері мүлде жабық. Айта кетейік, аталған жағдай АҚШ нарығында федералды резервтік мөлшерлеме бірден 0,25%-дан 0,5%-ға көтерілуінен болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, мөлшерлеменің артуы америкалық валютаның барынша қымбаттауына әсер етеді. Сондай-ақ, 17 желтоқсан күні Алматыдағы  алыпсатарлар долларды сатып алушыларға 350-400 теңге деген баға ұсынған. Тіпті, 18 желтоқсан күні доллар курсы бірден 500 теңге болады деген қауесет тараған. Фото: azh.kz

Похожие материалы