Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Цеснабанк" басшылығында өзгеріс болды

"Цеснабанк" басшылығында өзгеріс болды

"Цеснабанк" директорлар кеңесінің шешімімен банктің басқарма төрағасы болып Рустам Якупбаев тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.

Р.Якупбаев банк төрағасы ретінде бір жылға арналған келісім-шартқа қол қойды. Директорлар кеңесі бұған дейін банкті басқарған Дәурен Жақсыбектің "Цеснабанк" және "ЦеснаКапиталдың" ірі қатысушыларының бірі екенін негізге ала отырып, 14 желтоқсандағы қызмет өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы өтінішті қабылдады. Ол директорлар кеңесінің төрағасы Еркеғали Ерденбаевтың орнына тағайындалып, Е. Ерденбаев директорлар кеңесінің мүшесі болды. "Цесна" корпорациясы - Қазақстандағы ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі. "Цеснабанктің" мажоритарлы акционері болып табылады. Қаржы және азық-түлік компанияларына иелік етеді. Корпорацияның мажоритарлы акционерлерінің бірі Дәурен Жақсыбектің әкесі, Астана қаласының әкімі  - Әділбек Жақсыбеков. Фото: kapital.kz

Похожие материалы