
Әзербайжанның Орталық банкі манатты (ұлттық валюта) еркін айналымға жіберді, деп хабарлайды РБК.
Әзербайжан ақшасының еркін айналымға жіберілуіне серіктес елдердегі валюта курсының девальвацияға ұшырауы себеп болған. Мемлекетте доллардың ресми курсы 47%-ға артты.
«Шешімге сәйкес, манат курсы валют нарығындағы сұраныстар мен анықталған жағдайларға байланысты реттеледі. Әзербайжан орталық банкінің валюта нарығына қатысуы осы режим бойынша жүзеге асырылады" - делінген банк хабарламасында.
Сондай-ақ, банк шешімнің нарықтағы энергия тасымалдаушылар арасындағы артық ұсыныстар мен мұнай өндіруші елдердегі экономикалық өсімнің әлсіреуіне байланысты қабылданғанын түсіндірді. Бұған дейін Әзербайжанның ұлттық валютасы манат ақпан айында мұнай бағасы 50-55 доллар болған кезде құлдыраған еді. Енді экономика нарығына байланысты екінші мәрте құнсызданды.
Фото: rbc.ru