Экономика
Астанада "электронды садақа" көмегімен 3 млн теңге жиналды
Астанада "электронды садақа" терминалдарының көмегімен 3 миллион теңге жиналды. Бұл туралы ҚМДБ төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен бас имамдардың кездесу аясында айтты.
"ҚМДБ-ның бастамасымен біз алғаш рет "Әзірет Сұлтан" мешітінде электронды садақа терминалын эксперимент ретінде қойған едік. Әрбір келуші түбіртекті алып, бұл қайырымдылық садақаның қайда кетіп жатқанын біле алады.Біздің мәлімет бойынша, Рамазан айынан бері 3 миллион теңге жиналды",- деді Серікбай қажы Ораз.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде электронды садақа төлеу терминалы іске қосылған болатын. Электронды аппаратпен келушілер ҚМДБ шотына садақаларын аудара алады.
Фото: total.kz