Экономика
Девальвацияның салдарынан электроника тауарлары қымбаттады
«Технодом» компаниясы өткен 2015 жылдың нәтижелерін қорытындылады. Девальвацияның салдарынан электроника тауарларының бағалары 20 – 60% өскен. Бұл туралы 21 желтоқсанда өткен баспасөз конференциясында компанияның операциалық директоры Давид Галинек электроника нарығының қаржы көрсеткішкері мен компанияның 2015 жылда жүзеге асырған жобаларын туралы әлеуметке жария етті.
Давид Галинектің айтуы бойынша Қазақстанның электроника нарығы 2014 жылдың ақпанында болған девальвациядан кейін әлі бұрынғы қалпына келмеген, 2015 жылы теңге бағамының еркіне жіберілгенінен кейін жағдай одан да қиындай түсті. Теңгенің соңғы құнсыздануы және инфляциалық шектеу саясаты Қазақстанның электроника нарығындағы сату көлеміне кері әсерін тигізді.
2015 жылдың қаңтар және қазан аралығында электроника нарығы орташа мөлшермен санағанда 22% төмендеді. Сонымен бірге, көрсеткіштер қаңтар мен қазан аралығында электрониканың барлық категориялары төмендегенін көрсетеді. Солай, қара техника (теледидар, аудио, видео техника) 28%-ға, цифрлық техника (смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, ПК, т.б.) және кішігірім техника 23%-ға, және үлкен техника 10%-ға төмендеді.
Девальвацияның салдарынан электроника тауарларының бағалары 20 – 60% өсті.
Естеріңізге сала кетейік, «ТЕХНОДОМ» – Қазақстандағы электроника және компьютер техникасының жетекші компаниясы. Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылған. Бүгінгі таңда «ТЕХНОДОМ» компаниясы Қазақстанның 26 қаласында, 61 дүкенін ұсынып отыр. Қазіргі таңда да компания өзінің қарқынды өсіп, дамуын жалғастыруда.