Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО жағдайын талқылады

Н.Назарбаев пен В.Путин ЕАЭО жағдайын талқылады
21 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ өз дамуының бірінші жылын аяқтап қалғанын, бұл кезең оңай болмағанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Біз дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық, енді ары қарай жылжу керек. Әлбетте, елдер еарасында ішкі жалпы өнім азайды, тауар айналымы да бәсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бәрін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында талқылаймыз", – деді ҚР Президенті. Өз кезегінде В.Путин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті."Біз кедендік және техникалық реттеу стандарттарын жақындастыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Осының бәрі оң нәтижесін береді. Егер осы уағдаластықтарымыз болмағанда, экономикаға тиетін соққы одан да күштірек болған болар еді, мен бұған сенімдімін", – деді Ресей Президенті. Фото: akorda.kz

Похожие материалы