Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Келімбетов мемлекеттік органдарға кеңесші болады

Қайрат Келімбетов мемлекеттік органдарға кеңесші болады

Қайрат Келімбетов Астанадағы халықаралық қаржы орталығын құру бойынша мелмекеттік органдарға кеңесші болады. Бұл туралы ол "Қазақстандағы экономикалық диверсификацияны және өсімді қаржыландыру" туралы болған дөңгелек үстел отырысынан кейін журналистермен кездесу барысында айтты.

"Мен Financial times ұйымдастырған "дөңгелек стол" отырысына сарапшы, әрі Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы ретінде қатыстым. Сессияны премьер-министр ашты. Алдағы уақытта мемлекеттік басқару органдарының Халықаралық қаржы орталығын құруға байланысты сұрақтарына кеңес беремін", - деді ол.

Ол алдағы екі жылда құрылатын "Халықаралық қаржы орталығы" АҚ бойынша жұмысар атқарылып жатқанын атап өтті.

"Арнайы бөлек реттеуші, сот құрылады. Бұл алдағы жұмыстардың ең үлкені", — деді Қ.Келімбетов.

Ал халықаралық қаржы орталығын басқару туралы қойылған сұраққа ол: "бұл сұрақ шешімді қабылайтын адамдарға қойылуы керек", - деп жауап берді.

Сондай-ақ, Ұлттық банктің экс-басшысы Астанадағы халықаралық қаржы орталығының құрылуы белгілі бір банк немесе биржа құрылымының көшіп келуін талап етпейтінін атап өтті.

Фото:forbes.kz

Похожие материалы