Экономика
2015 жылы Ұлттық банк жүргізген интервенция көлемі 17,4 млрд долларды құрады

2015 жылдың он айында ҚР Ұлттық банкі жүргізген интервенция көлемі 17,4 млрд долларды құрады. 2014 жылғы интервенция көлемі 22 млрд доллар болған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы қаржы нарығын бақыланып отырғанын атап өтті. Алайда валюта тұрақсыздығы белгілі бір қалыпқа келгенге дейін теңге өтімділігіне қатысты пайызық мөлшерлеме дәлізін қолдауды тоқтатты.
«Валюта нарығындағы қысқа мерзімді теңге өтімділігене деген сұраныстың жоғары болуынан теңге курсы әлсіреп, қаржы нарығындағы мөлшерлеме өсімі артты. Нарықтағы жағдайды реттеу үшін ақша нарығындағы мөлшерлеме төмендеуі керек. Бұл жағдайды біз қараша айында бақыладық. Ұлттық банктің әрекеті валюта нарығындағы спекулятивті жағдайларды қалпына келтіруге бағытталған. Осы себепті Ұлттық банк нақты пайыздық мөлшерлеме дәлізі бойынша бұрын жарияланған міндеттерді уақытша тоқтатты", - деді Д.Ақышев.