Экономика
Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасаған жігіт 100 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтейді
Танымал журналист Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасаған Өркен Мырзахан үш жылға сотталды және 100 мың теңгеден аса моральдық шығын төлейді. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, жазасын алып, жалпы режимдегі колонияға жіберілді. Сондай-ақ,
81 006 теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге және моральдық зиян жасағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша 19 820 теңге төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, 8 қазанда журналист Ботагөз Жұмановаға белгісіз біреу шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиғаны блогер мен оның достары журналистік қызметпен байланысты болып отыр деген болжам айтады.
Фото: facebook.com