Экономика
Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмлелері артты
2015 жылғы қаңтар-қарашадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 150 685 құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 13 791 құрады және өткен аймен салыстырғанда 8,3%-ға азайды. 2015 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,7%-ға артты.
Ескерту: Ақпарат 2015 жылғы 21 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректері негізінде дайындалған.
Фото: tonykok.kz