Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның фармацевтика нарығындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесі 20%-ды құрайды

Қазақстанның фармацевтика нарығындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесі 20%-ды құрайды
Қазақстанның фармацевтикалық нарғындағы дәрі-дәрмектердің отандық өндірісінің үлесі 20%-ды құрайды, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Максим Касаткин.
«Бүгінгі күні отандық медикаменттер өндірісінің үлесі 2016 жылға шамамен 20 пайызды құрап отыр», - деді М.Касаткин.
«Егер 2010 жылы біздің сатып алу құрылымымыздағы отандық өндіріс көлемі 5 млрд теңге болса, қазір 20 пайызға артып, шамамен 19 млрд теңгеге жетті. Атап айтқанда, ЖИТС-ке қарсы дәрі-дәрмек өндірісі оқшауланған», - деді ол.
«СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары болашақта қазақстандық өндірістегі дәрі-дәрмектер саны бір қалыпты артып отыратынын айтып өтті.
Оның айтуынша, ЕАЭО дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығын құру аясында қазақстандық фармацевтикалық индустрия дамудың жаңа серпініне ие болады. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектерді тіркеу ережелері үйлестіріледі.
«Яғни, компанияда Еуразиялық Одақтың барлық елдерінде әрекет ететін бірыңғай тіркеу алу мүмкіндігі пайда болады, осылайша үлкен нарық ашылады - 180 млн астам адам», - деді М.Касаткин.
Фото:baq.kz 

Похожие материалы