Экономика
Парламент үкіметтің Азиялық даму банкінен 1 млрд доллар қарыз алу туралы шешімін мақұлдады
Сенат депутаттары парламенттің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Азиялық даму банкінен 1 млрд доллар қарыз алу туралы заң жобасын мақұлдады.
Кеңейтілген отырыста қаржы министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, 2015 жылдың 18 қарашасындағы №115 қаулыға сәйкес, Қазақстан мен Азиялық даму банкі арасында 1 млрд доллар көлемінде қарыз алу туралы келісімге қол қойылған.
«Қарызға алынған қаржы 2016 жылғы мемлекет бюджетінің жетіспеушілігін қамтамасыз етуге жұмсалады », - деді министр.
АДБ-дан алынған қаржыны өтеу шарттары мынандай: 1 млрд доллар қаржыны өтеу мерзімі — 5 жыл. Сондай-ақ, 3 жылға арналған жеңілдік кезеңі мен ЛИБОР+2% сыйақы мөлшерлемесі бар. Ал қарыздың игерілмеген бөлігін сақтау үшін алынатын комиссия – 0,75%.
Фото: kapital.kz