Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік алты банкте Visa және MasterCard төлем жүйесінің қызметі тоқтатылды

Ресейлік алты банкте Visa және MasterCard төлем жүйесінің қызметі тоқтатылды

АҚШ-тың санкциялық тізіміне ілінген алты банкте Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қызметі өшірілді. Бұл туралы «Ведомости» порталы хабарлайды.

Порталдың ақпаратына сәйкес, төлем қызметі Қырымда жұмыс істеп жатқан  «Генбанк», «Крайинвестбанк», банк «Верхневолжский», «Севастопольский морской банк» (СМБ), және «Инресбанк» «Мособлбанкте» тоқтатылды. Аталған банктерге шектеулер АҚШ санкциясына бұрын ілінген СМП-банкке және оның акционерлері ағайынды Ротенбергтерге қатысы болғандықтан қойылған. Бұдан бұрын банк өкілдері АҚШ санкциялары қызметімізге әсер етпейді деген болатын. Алайда 23 желтоқсаннан бастап аталған карталар арқылы банктерде операция жүргізу мүмкін болмай отыр. Mastercard өкілдерінің айтуынша, «Верхневолжский» және «Генбанкте» карта бойынша транзакциялар төлем каталарының Ұлттық жүйесі ережелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ал  Visa санкцияның транзакцияларға әсер етпейтінін айтады. Айта кетейік, 22 желтоқсан күні АҚШ Ресейге қарсы жаңа экономикалық санкциялар енгізді. Санкция салынғандар арасында Сбербанк пен ВТБ банктің Украина, Қазақстан және Еуропада орналасқан еншілес құрылымдары да бар. Тізімге тек еншілес банктер ғана емес оларға қарасты зейнетақы қорлары да енген. Жалпы тізімде 34 жеке және заңды тұлға бар. Фото: tvrain.ru

Похожие материалы