Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты

2015 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты. Олардың қатарында 72 мың адам (54,1%) жұмыссыздар, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар – 61 мың (45,8%), 133 тұлға (0,1%) - ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 жылы 522 жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 8,5 мың адам орналастырылды. Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 5,7 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микронесие алды, оның ішінде 3,9 мың адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды. Нәтижесінде ағымдағы жылы қосымша 5,2 мың адам жұмыспен қамтылды. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) тегін оқумен 14 мың азамат қамтамасыз етіліп, оның 13,1 мың адамы оқуларын тәмамдап, жұмысқа орналастырылды.  20,3 мың азамат жастар практикасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, жыл басынан бастап үшінші бағыт бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 356 адам көшірілді. 78,9 мың азамат жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастырылды. Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 4,3 мың мүгедектер, 194 балалар үйінің тәрбиеленушілері, 20,6 мың мектеп, орта және жоғарғы білім беру ұйымдарының түлектері қатысқанын атап айту керек. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады. Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі. Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады. Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфраструктуралық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие беру күшейтілетін болады. Фото: sport.e-kyzylorda.gov.kz

Похожие материалы