Ақша айырбастау бөлімшелері қараша айында қазан айымен салыстырғанда долларды 7,6%-ға, рубльді 18,7%-ға, еуроны 2,9%-ға аз сатқан. Осылайша қазақстандықтар 11 ай ішінде 15,2 млрд доллар, 207 млрд рубль және 1 млрд еуро сатып алған, деп хабарлайды LS.
Доллар
Ақша айырбастау орындарында қараша айында америкалық валютаның сатылымы қысқарған. Сонымен қазан айында 1,18 млрд доллар сатылса, қараша айында 1,09 млрд доллар сатылған.
Доллардың ең көп көлемі 2015 жылдың сәуір айында ($2,1 млрд) сатылған. Ал мамыр айында доллар сатылымы соңғы жылдарда болмаған рекордтық минимумға жетті. Доллар сатылымы бар болғаны 976,2 млн долларды құрады.
РубльҚараша айында сатып алынған рубль көлемі - 10 млрд. Бұл қазан айымен салыстырғанда 2,33 млрд рубль сатылған.
2015 жылы ақша айырбастау пунктері арқылы 207,2 млрд рубль сатылған. Ал максималды сатылым 29,5 млрд рубльді (ақпан, 2015) құрады.
ЕуроЕуропалық валюта қазақстандықтар арасында аса сұраныса ие емес. Қараша айында айырбас орындары 90,5 млн еуро сатқан. Ал қазан айында сатылған еуро көлемі - 93,2 млн.
2015 жылдың басында қазақстандықтар 1 млрд еуро сатып алған. Максимал сатылым шілде айында (127,4 млн еуро) болды. Ал тамыз айында бұл көрсеткіш 79,5 млн еуроға төмендеді.
Фото: all-pix.com