Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл қорытындысы: Мұнай бағасы қандай болды және болады?

Жыл қорытындысы: Мұнай бағасы қандай болды және болады?

Биылғы жылдың басты тақырыптары - девальвация және мұнай бағасы болды. 15-20 жылда бір рет ОПЕК нарықты шығыны көп деген жобалардан тазартып отырады. 2016 жылы картель көшбасшыларының осы ретте қандай шаралар қолданатынына және Иранның нарыққа шығуынан сезілетін әсерге көз жеткізетін боламыз.Осыған орай мұнай бағасының ендігі халі қандай болатыны жөнінде қандай болжамдар жасалып отырғаны жөнінде шолып шыққан жөн болар.

Осыдан бір жыл бұрын ресейлік ірі мұнай компаниясының басшысы Игорь Сечин 2015 жылдың қорытындысы орта есеппен барреліне 70-75 доллар аралығында болады деген болжам жасаған еді. Ал, "Роснефть" басшысы 2014 жылы Brent-тің орташа бағасы барреліне 99,3 доллар, ал соған байлаулы Urals ресей сортының бағасы 97,6 доллар болғанын есепке ала отырып, ойға қонымды пікір білдірген болатын. Биылғы мұнай: бір қадам алға, екі қадам артқа    Мұнай бағасының одан әрмен төмендеуіне ОПЕК-тің өткен жылдың қараша айында қабылдаған мұнай өндіру көлеміне қатысты шешімі де әсер етті. Яғни, тәулігіне 30 млн баррель сол қалпы сақталады деген шешім қабылданған еді. Осы жылдың басында-ақ, Brent бағасы барреліне 50 долларды құраған. Бірақ, көктемде АҚШ-та бұрғылау жұмыстары мен қатпарлы мұнай өндіру көлемі азайтылған сәтте баға қалпына келе бастады деп қуанған едік. 2015 жылы мұнай бағасының мамырда 67 доллар болғаны - шыңы болып қала берді. Көктемде таразы енді теңеседі-ау деген сәтте ОПЕК-тің отырысы қуанышымызды су сепкендай басты. Мұнай әлеміндегі теңдессіз көшбасшы саналатын Сауд Арабиясының айтқанын жерге тастамай, картель квоталарды сақтап қалатынын жеткізді. Яғни, ОПЕК картель ішіндегі алауыздыққа қарамастан, нарықтағы өз үлесін қорғап, шығыны көп өндірушілерді шығарып тастауға қатысатыны белгілі болды. Тамыздың ортасына қарай мұнай барреліне 46 доллардан төмен болып, осы белгіленім ОПЕК-тің желтоқсанда болатын саммитіне дейін өзгермеді. Барреліне 40 долларға жақындап қалса да, ОПЕК бір шара қолданып, жағдайды реттеуге тырысады деген ой қатысушылардың бірінің де ойына келмеген еді. Себебі, 2008 жылы орын алған оқиғада да "қолдан келер қайран жоқ" деп отыра берген еді. Әйтсе де, өмір таңғажайыптарға толы болып шықты. Картельдің квоталарды сақтау туралы емес, өндіру көлемін сақтау жөніндегі шешімі көпшілікті таң қалдырғаны рас. Яғни, өндіріс көлемі квоталардан тәулігіне 1,5-1,7 млн баррель көп еді. ОПЕК елдері министрлерінің жеті сағаттан артық уақытқа созылған отырысы бәрін өз орнына қойды. ОПЕК жалғыз өзі нарықты теңестіре алмайды, картель ретінде қимылдар жасай алмайды, әр мемлекет нарықтағы үлесін сақтап, өз бюджетін тең ұстап қалу үшін қанша өндіру керек деп тапса, сонша өндірсін деген шешім шығарды. ОПЕК квоталарды таратып, соңғы бір жарым жыл бойы ресми межеден асқан өндіріс көлемін рәсімдеді. Желтоқсанның ортасына қарай мұнай белгіленімдері 2008 жылдың соңынан бері бірінші рет барреліне 37долларға дейін төмендеді. Осы аптада Brent 2004 жылдың шілдесінде барреліне 36,2 доллар болған минимум белгіленімді жаңартты. Түпсіз терең тұңғиық. Нашар болжамдар  Жылдың соңында мұнайдың әлемдегі қоймалары толы, ірі өндірушілер (ОПЕК-тен басқа) өндірісті азайтуға құлықсыз күйінде қалып отыр. Бағаларды сақтап қалғанның арқасында АҚШ-тағы қатпарлы мұнай өндіру көлемі біз ойлағаннан да қысқарды. Бүгінде нарықтағы мұнайдың артылуы тәулігіне 1,5 млн баррельге бағаланып отыр. Және осы ахуал 2016 жылы да сақталады деген болжам бар (Goldman Sachs-тың болжамынша, нарықта тәулігіне 580 мың баррель "артық" болады). Мұнай бағасының төмендеуі, ОПЕК-тің ұстанымы мен Иранның ірі экспортшы ретінде қайта оралуына қарап көпшілік мұнайдың 40 доллар не одан да төмен болуы әлі біраз уақытқа жалғасады деген ой қалыптастырып үлгерген. 2016 жыл басталысымен мұнай бағасының қалыпқа келуін инвестициялық банктер күтпейміз деп отыр. Себебі, санкциялар алынған соң нарыққа иран мұнай келеді. Citi сарапшылары алдағы жылдың бірінші жартысында мұнай барреліне 40 доллардан көтерілуі екіталай, әйтсе де жылдың соңына қарай өсім басталып, 60 доллар болуы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Ең нашар деген болжамды Morgan Stanley жасады. Олардың сөзінше, бірінші тоқсанда 35 долларға дейін азайып, жыл қорытындысы бойынша 39 доллар болуы ықтимал. Осыған дейін 53 доллар болады деп болжам жасаған Moody's рейтинг агенттігі Brent мұнайының 2016 жылға арналған болжамын нашарлатып, 43 доллар деп баға берді. Оған мұнай өндірісінің тұтыну көлемінен шамадан тыс өсуі себеп болып отыр. Келесі болжам: Бәрі жақсы болады "ЛУКОЙЛ" басшысы Вагит Алекперовтың айтуынша, мұнай бағасы төмендеуінің шегі осымен тамам. "Бұдан аз болмайды. Болған күннің өзінде төмендеуі ұзақ уақытқа созылмайды", - дейді ол. Оның сөзінше, 2016 жылы мұнай бағасы 50 долларды құрайды. Ал, 40 доллар болуы - мұнай баға белгіленімінің шегі ғана. ОПЕК стратегиясының жұмыстары өз жемісін беруде: Deutsche Bank-те АҚШ тарихындағы мұнай өндірісінің ең көп қысқартылуы күтіліп отыр. БКС сарапшылары мұнай бағасы 2016 жылы 56 доллар, 2017 жылы 65 доллар болады деп күтуде. Шикізаттың артылуы 2017 жылға дейін сақталмақ. Бірақ, қатпарлы мұнай өндірушілері хеджерлеудің белсенді саясатна байланысты табыстың қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайды деген болжам жасады. "Газпром мұнай" басшысы Александр Дюков дәстүрлі емес көмірсутек өндірісінің Солтүстік Америкада азаюы нарықты қалыпқа келтіруге жағымды әсер ететіндігіне сенімді. "Қазір нарықтан 1,5-2 млн баррель мұнайды алып тастайтын болсақ, мұнай бағасын барреліне 65 доллар болатын деңгейге лезде жететіне кепілдік беремін", - дейді А.Дюков. АҚШ-тан келетін мұнай экспортына тыйым салынғанымен, мұнайдың әлемдік бағаларына қатты әсер етпейді дейді А.Дюков пен "ЛУКОЙЛ" басшысы Вагит Алекперов. ОПЕК өз мұнайының бағасы 2020 жылға дейін жылына 5 доллардай өседі деген болжам жасап отыр. Яғни, мұнай бағасы он жылдықтың соңына дейін 100 доллардың маңына да жетпейді деген сөз. Ресейдің болжамы  Ресей үкіметі шикізат бағасының төмен болу кезеңі әлі де ұзаққа созылуына дайын. Бұл жөнінде Путин министрлер кабинеті мүшелерімен болған отырыста мәлімдеген еді. Орталық банктің негізгі сценариі бойынша, алдағы үш жылда мұнай бағасы барреліне 50 доллар шамасында сақталады. Тіпті мұнай бағасы 40 доллар болса да, одан келер залал аса көп емес дейді Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев. Оның айтуынша, мұнай нарығының қалыпқа келуі 2016 жылдың екінші жартысында басталмақ. Ресейлік мұнай компаниялары басшыларының сөзіне сүйенсек, олар рубль пен шикізат бағасы төмен болса да инвест-бағдарламаларды жүзеге асырып, пайдаға жұмыс істеуді жалғастырады. Сөз соңында 2015 жылы ОПЕК-тің нарықты қадағалау бойынша жұмыстарды абыроймен алып жүруге шамасы жетпейді деген пікірлер көп таралған еді. Расымен де, осы жылы әр мемлекет өзі үшін "ойынға қатысты". ОПЕК-тің басты мәселесі - қатысушылардың қызығушылықтары сан-саққа таралып, бір жерден шықпауында. Сауд Арабиясы сынды елдер мұнайды арзан бағаға сата алады. Себебі, тұратын халық саны аз, мұнай қоры көп, шетелден инвестиция тартып отыр. Ал, Нигерия, Венесуэла мемлекеттерінің жағдайы қандай? Қара алтын бағасының төмендеуі олар үшін жақсылықтың нышаны болмасы сөзсіз. Bank of America сарапшылары ОПЕК-ке осы жерден тоқтауды ұсынып отыр. Әрі қарай бағаны төмендетудің соңы жақсылыққа апармайды. Банк сарапшылары екі түрлі жағдай болса, не болуы мүмкін деп сарапқа салды. Мұнай бағасының 50 және 30 доллар болған сәті қалай болады? Осы екі жағдайда ОПЕК-тің нені жоғалтатыны маңызды. Шығар шығын да өте көп. Келесі жылы ОПЕК шығынының айырмашылығы 230 млрд доллар, ал мұнай өндірісіне түсетін әлемдік инвестициялар айырмашылығы бар болғаны 15 млрд долларды құрайды дейді сарапшылар. 15-20 жылда бір рет ОПЕК нарықты шығыны көп деген жобалардан тазартып отырады. 2016 жылы картель көшбасшыларының осы ретте қандай шаралар қолданатынына және Иранның нарыққа шығуынан әсердің қандай болатынына көз жеткізетін боламыз.

                                                                                                     Жадыра Аққайыр "7"

Похожие материалы