2016 жылдың екінші жартысында мұнай нарығы тұрақталады. Бұл туралы Ресей Федерациясының энергетика министрі Александр Новак "Вести. Экономика" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта нарықта мұнай ұсынысы сұраныстан көп болып отыр. Алайда, сарапшылар келесі жылы мұнайды тұтыну тәулігіне 1-1,5 млн баррелді құрайды дейді. Бұл жағдайда нарық біртіндеп реттеліп, мұнай бағасы қалыпты болады.
"Мен мұнай бағасы нарықта дүрбелең туғызғанымен, барреліне 25-20 долларға түседі деп ойламаймын", - деді А.Новак.
Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай бағасы Лондон қор биржасында 2%-ға төмендеп, барреліне 37,15 долларды құрады.
2015 жыл мұнай нарығы үшін қалай болғаны және келер жылға арналған болжам туралы
мына жерден оқи аласыздар: