Экономика
Ресей Түркияға қарсы тағы да шектеу шараларын енгізді
Ресей Түркияға қарсы шектеу шараларын енгізді. Премьер-министр Дмитрий Медведев Ресейде жұмыс істеп жатқан кейбір Түркия азаматтары мен компанияларының қызметіне тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Үкімет сайтында жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru.
Жарлық бойынша инженерлік және құрылыс ғимараттары мен архитектура және инженер-технологиялық жоба қызметтеріне тыйым салынды. Сондай-ақ, турагенттіктер мен қонақүй жұмысына, мемлекеттік және муниципалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету қызметіне шектеу қойылмақ.
Санкция өз күшіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.
Сондай-ақ, 28 желтоқсан күні РФ Президенті Владимир Путин Түркия әрекетіне қатысты арнайы экономикалық шараларды енгізу туралы қаулыға қол қойды. Құжатта көрсетілгендей, санкция тек түрік компанияларына ғана емес, түрік азаматтарын бақылап отыратын ұйымдарға да қатысты болады.
Айта кетейік, Ресей мен Түркия қарым-қатынасы түрік-сирия шекарасы аумағында ресейлік СУ-24 әскери ұшағы атып түсірілгеннен кейін шиеленісе түсті. Ресей тарапы Түркияға қарсы экономикалық санкция жариялады.