Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сауда Арабиясы мен Иран қақтығысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

Сауда Арабиясы мен Иран қақтығысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығыстың өршуіне байланысты әлемдік мұнай бағасы да өсе түсті. Brent маркалы мұнай 3,35%-ға артып, барреліне 38 доллардан сатылды. WTI 3,5 пайызға қымбаттады деп жазады  rbc.ru.

3 желтоқсанда Лондон биржасындағы сауда кезінде Brent-тің ақпандық фьючерстері күрт қымбаттап, барреліне 38,50 доллар деген бағаға жетті. Нью-Йорк биржасында WTI  мұнайы 3,5 пайызға өсіп, бағасы барреліне 38,38 доллар болды. Кейінірек баға 37,77 долларға төмендеді. Bloomberg-тің атап өтуінше, Сауд Арабия мен Иран ОПЕК құрамына кіретін елдер арасында мұнай өндіру көлемі бойынша тиісінше бірінші және бесінші орынға ие. Жексенбіде Сауд Арабия СІМ-нің басшысы Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзетіндігі мәлімдеді. Бұған Ирандағы Сауд Арабиялық елшілікке шабуыл жасалуы себеп болды. 2 қаңтарда Сауд Арабияның СІМ-і терроризмге қатысы бар деген айыппен 47 адамды өлтіргендерін хабарлады.Өлім жазасына кесілгендердің арасында елдегі шииттердің ең танымал өкілі, шейх Нимр әл-Нимрдің болғандығы белгілі болды. Ол 2012 жылы жаппай қақтығысқа себепкер болды деп тұтқынға алынған еді. Шейхтің өлімінен кейін әлемдегі барша шииттіктер арасында жаппай наразылық акциялары басталды.

Похожие материалы