MuzzOne телеарнасы видеоклиптердің ротация бағасын төмендетпек. Бұл туралы телеарнаның бас продюсері Дана Рыскелдинова айтты, деп хабарлайды Forbes Kazakhstan.
«Біз отандық шоу-бизнес жұлдыздарынан телеарналардағы видеоклиптер ротациясы ақылы деген сынды жиі естіп жатамыз. Дегенмен клипті әртіске, оның альбомына, әніне жасалған жарнама деуге болады. Бұл қызметтердің ақылы екендігіне таң қалудың еш қажеті жоқ", - дейді телеарнаның бас продюсері.
Алайда продюсердің сөзінше, MuzzOne жетекшілігі девальвация мен экономикалық қиындықтарға байланысты шоу бизнестегі серіктесінің пікірін құптауда. Осы себепті телеарна алдағы уақытта жеңілдіктер жүйесін ұсынып отыр.
Фото: forbes.kz