Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банк БанкПозитив Қазақстанды сатып алды

Еуразиялық банк БанкПозитив Қазақстанды сатып алды

Eurasian Resources Group (ERG) бақылауындағы Еуразиялық банк түркиялық BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi Anonim Sirketi-ден БанкПозитив Қазақстанды сатып алды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Еуразиялық банк БанкПозитив Қазақстанның 100 пайыз иегері атанды. "БанкПозитив Қазақстан" АҚ қарапайым акцияларын сату-сатып алу туралы келісім 2015 жылдың 30 желтоқсанында тіркелді", - делінген банк таратқан хабарламада. БанкПозитив Қазақстан Еуразиялық банктің еншілесі ретінде өз қызметін жалғастыра береді. 2016 жылдан бастап ЕБ-ға қосылу процесі біртіндеп жүзеге асырылады. Бұдан бұрын ЕБ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон хабарлағандай, БанкПозитивті сатып алу туралы келісім құны 32 млн долларды құраған. Оның айтуынша, банкті сатып алудағы басты мақсат - ЕБ-ның корпоративті бизнесін дамыту. БанкПозитив ең алғаш рет "Азамат банк" деген атаумен 1992 жылы құрылған, кейін "Алкомбанк" деп аталады. 1997 жылы Алкомбанктің 98,89%-ын  түркілік Demirbank T.A.S. сатып алып, Демир Қазақстан банк деген атпен ауыстырылады. 2007 жылы тағы бір түркиялық BankPozitif-ке сату туралы келісім жасалады. Осылайша, банк атауы төртінші мәрте ауысып, БанкПозитив Қазақстан деген атауға ие болады. Фото: kapital.kz

Похожие материалы