Экономика
Выбор редактора
Астана әуежайы мен "Қорғас" орталығы жекеге беріледі
Қазақстан үкіметі бәсекелестік ортаға берілетін обьектілердің тізімін нақтылады. Тізімге "Қорғас" халықаралық шекаралық серіктестік орталығы, "Халықаралық Астана әуежайы" және "СК-Фармация" және т.б. нысандар кіргізілді.
Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігіне тиесілі "Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары" АҚ бәсекелестік ортаға беріледі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "СК-Фармация" ЖШС, "Қазмедтех" АҚ және "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ-ны береді.
Инвестиция және даму министрлігі "Қазақстан ғарыш сапары" АҚ, "Қазгеология" Ұлттық геологобарлау компаниясы" АҚ және "Қазақавтожол" РМК-ны жекешелендірмек.
Ал қаржы министрлігі "Қорғас" халықаралық шекаралық серіктестік орталығы" Акционерлік қоғамдастығын және "Халықаралық Астана әуежайы" АҚ-ны сатуды жоспарлап отыр.
Энергетика министрлігі "Ядролық технология паркі" АҚ-ны, Президент істерінің басқармасы "Алматы санаторий" АҚ мен "Астана қонақ үйі" АҚ-ны жекеменшікке береді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай тәртіппен Қызылорда облысындағы "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ-да сатылады.