Экономика
Регионы
Шымкентте су мен электр энергиясы тарифтері көтерілді
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында су мен электр энергиясы тарифтері қымбаттады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап су бағасы 11 пайызға көтерілген.
Бұрын тұрғындар судың бір шаршы метріне 47,75 теңге (ҚҚС есебінсіз) төлесе, жаңа жылдан бастап - 53 теңге төлейтін болады. Бюджет ұйымдары үшін су құны 212,94 теңгеден 236,36 теңгеге өсті. Коммерциялық құрылымдарға тариф 165,27 теңгеден 183,35 теңге болып өзгерді.
Электр энергиясының тарифінде де өзгерістер орын алды. Бірінші деңгей үшін (бір адамға айына 70 кВт қолдану) 11,26 теңгеден 12,08 теңгеге, екінші деңгей (70-140 кВт) - 15 теңгеден 15,90 теңгеге, үшінші деңгей (140 кВт-тан жоғары) - 18,75 теңгеден 19,88 теңгеге қымбаттады.
Естеріңізге сала кетсек, электр энергиясы Маңғыстау облысында да
қымбаттады.