Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Netflix видео сервисі Қазақстанда да қолжетімді болды

Netflix видео сервисі Қазақстанда да қолжетімді болды

Netflix видео сервисі Қазақстанда ресми түрде қолжетімді болды. 2016 жылы аталған сервиске Қазақстан, Ресей, Түркия, Үндістан және Оңтүстік Корея қосылды, деп хабарлайды Kapital.kz.

Қазақстандықтар үшін Netflix-ке тіркелу құны  7,99 доллардан 11,99 долларға дейін болады. Нарық сарапшыларының сөзінше, Netflix телетрансляция тарихындағы ең сәтті компания болып табылады. Ортақ бағасы 3 млрд доллар деп бағаланған. Айта кетейік, қазіргі уақытта сервисте орыс және қазақ тіліндегі дыбысталған фильмдер жоқ. Фильмдер мен сериалдер тек ағылшын тілінде ғана қолжетімді. Netflix-тің танымал болуы жаңа фильмдер мен сериалдарды бір уақытта көрумен байланысты. Қазіргі уақытта компанияға 190 мемлекеттен 71 млн адам тіркелген. Фото: kapital.kz

Похожие материалы