Экономика
Ұлттық банк: Қазақстанның экономикалық өсімі баяулады
2015 жылдың қаңтар-қарашасында қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,4%-ға дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылдың қаңтар-қарашасында тау-кен өндіру саласындағы өндіріс көлемдері мен көлік саласындағы жүк айналымының азаюы есебінен экономикалық өсудің қарқыны төмендеді.
Сондай-ақ, импорт пен экспорттың төмендеуі сыртқы сауда айналымының қысқаруына себепші болды.
2015 жылдың қаңтар-қазанында сыртқы сауда айналымы 36,9%-ға төмендеді (экспорт 42,9%-ға, импорт - 24,9%-ға төмендеді). 2015жылдың қазанында (2014 жылды қазанымен салыстырғанда) сыртқы сауда айналымы 42,0%-ға төмендеді (экспорт 46,5%-ға, импорт 34,0%-ға қысқарды).
Экспорттың құрылымында минералды өнімдер (2015жылдың қаңтар-қазаны-72,5%), импортта - машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар және аппараттар (40,4%) басымдыққа ие.
2015 жылы қаңтар-қазан айында экспорт ЕЭО елдерімен 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға қысқарды, импорт – 24,9%-ға төмендеді.