Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банк пен Позитив банк 2016 жылы қосылады

Еуразиялық банк пен Позитив банк 2016 жылы қосылады

2015 жылдың 31 желтоқсанында Еуразиялық банк пен Қазақстан Позитив банкі акционерлері ерікті түрде бірігіп, банктердің қайта ұйымдасатындығын хабарлаған болатын. Аталған екі банк 2016 жылы қосылатын болады деп хабарлайды KASE.

«Сондай-ақ, қос қаржы мекемесінің акционерлері Позитив банктің мүліктері Еуразиялық банкке тиесілі болады...», - деген еді. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қазан айында Еуразиялық банк BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi Anonim Sirketi түрік банкінен Қазақстан банкін сатып алуға ниетті екендігін жеткізген болатын. Еуразиялық банктің төрағасы Майкл Эгглтонның сөзіне сүйенсек, келісім құны банктің соңғы капиталының 76,98%-ын құрайды. «Келісім бағасы 32 млн доллардан асқан жоқ. Оны жасасу жолы оңай болмады. Әйткенмен алған бағаға көңіліміз толды. 1-2 жыл ішінде инвестициялар өз-өзін ақтайды деп сенеміз», - дейді Майкл Эгглтон. Оның айтуынша, келісім жасасуға жарты жыл уақыт кеткен. Тамыз айында теңге құлдыраған сәтте Еуразиялық банктің біраз ойланып қалғаны болмаса, кейіннен келісім жасасу туралы шешімге келген. Сатып алудың жүзеге асырылуына бірнеше себептер бар. Атап айтқанда - банк капиталын 6 млрд теңгеге өсіру. Сондай-ақ, активтердің құны қиын-қыстау кезеңде өсе түседі. Екінші бір себеп - банктің алдағы уақытта нарықта орнығуына мүмкіндік», - дейді банк төрағасы.

Похожие материалы