Экономика
Доллар бағамы 367 теңгеден асты
2016 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 367,61 теңге болды. Теңге курсы таңғы сессиямен салыстырғанда 5 теңгеге арзандады, деп хабарлайды KASE-нің ресми сайты.
KASE ақпаратына сәйкес, сейсенбі күнгі күндізгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 364,80 теңге, максималды курс –369,10 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 364,80 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 79 млн 800 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 106.
Ал таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 365,07 теңгені құрады.