Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда көлік заңнамасын бұзғандарға 1 млрд теңгеден аса айыппұл салынды

Қазақстанда көлік заңнамасын бұзғандарға 1 млрд теңгеден аса айыппұл салынды

2015 жылдың қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдарымен автомобиль көлігі саласында көлік заңнамасын бұзғаны үшін 1 млрд теңгеден аса айыппұл салынып,14 023 әкімшілік іс толтырылды. Бұл туралы инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған заң бұзушылықтар бойынша автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін асыра отырып жол жүру  қағидасын бұзғандар саны 5582-ге жеткен. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын 4135 адам бұзған.

"Шетел тасымалдаушыларымен рұқсат беру жүйесiн бұзғандар саны 589-ды құрады. Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын 562 адам, каботаждық тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін  452 адам бұзды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: auto.mail.ru

Похожие материалы