Экономика
Выбор редактора
Қазақстандағы сайлау қанша тұрады?
13 қаңтарда мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жолдады. Бұл шешімдерін дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзаққа созбай, ұйымдастыру мен сайлау өткізуге бөлінетін қаржыны қысқарту қажеттігімен түсіндірді. 7kun.kz осыған дейінгі сайлауларға қанша қаржы жұмсалғандығын еске түсірді.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2016 жылғы сайлауға 4 млрд теңге бөлінген. Сенаттағы, мәжілістегі, мәслихаттағы өзгерістер, қайта сайлау немесе басқа да шығындар — барлығына осы. 2016 жылы бізде 4 млрд қарастырылған», — деді Б.Сұлтанов. Дегенмен оның сөзінше, парламент сайлауына қанша қаржы жұмсалатындығы «әлі есептелмеген».
Фото:kapital.kz